Франция президенті: «Қауіп-қатерге дайын болуымыз керек»
Франция президенті Эммануэль Макрон ел әскерін нығайту үшін жас еріктілерді жұмылдыратынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Le Monde басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Сессон-Севиньдегі әскерилер алдында сөйлеген сөзінде Макрон әскерге жас сарбаздарды көбірек жұмылдыру жобасын ұсынды.
Сондай-ақ Макрон Францияның қорғаныс стратегиясының жаңартылған форматын ұсынды. Макронның айтуынша, егер АҚШ Трамптың билікке келуімен, Еуропадағы әскери әлеуетін азайтса, Франция қорғаныс шығындарын арттыруы керек. Сонымен бірге Еуропадағы бірлескен қару-жарақ бағдарламаларының деңгейін көтерудің маңыздылығын атап өтті.
Макрон Украинадағы қақтығыстың жақын арада аяқталмайтынын, Францияның ұзақ мерзімді қауіп-қатерге дайын болуы керек екенін айтты.
Ол міндетті әскери қызметті қалпына келтірудің орнына үкімет пен әскери штабқа мамыр айына дейін жастарға әскери оқу және дайықтан ерікті түрде өтуіне мүмкіндік беретін жүйе құру туралы ұсыныстар әзірлеуді ұсынды.
“Біз еріктілерді анықтап, оларды оқытып, қажетті сәтте жұмылдыруға дайын болуымыз керек”, – деді Макрон.