Ғани Бейсембаев шұғыл жиын өткізді

0
254

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Ақтөбе облысындағы 14 жастағы оқушының өлімінен кейін шұғыл жиналыс өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Ақтөбе облысы Қопа ауылында қаза тапқан баланың ата-анасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтты.

«ҚР оқу-ағарту министрінің төрағалығымен өңірлерде бақылауды күшейту мақсатында шұғыл жиын өтті. Бұл оқиға ведомствоның бақылауына алынды. Министрлік өкілдері жан-жақты және объективті тергеуді қамтамасыз ету үшін құқық қорғау органдарымен, облыс басшылығымен және облыстық бала құқықтары жөніндегі уәкілмен байланыста», — деп мәлімдеді Балалардың құқықтарын қорғау комитеті.

Министрліктегілер қайғылы оқиғаның толық мән-жайын анықтау және оның қайталануын болдырмау үшін барлық қажетті шаралар қабылдап жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, Ақтөбе облысының Қопа ауылында 9-сынып оқушысы оқушы көз жұмды. Марқұмның әпкесінің айтуынша, інісін 10 мен 11 сыныпта оқитын 15 оқушы бір сағат бойы аяусыз ұрып-соққан. 14 жастағы жасөспірімді соққыға жыққандардың арасында Қопа орта мектебінде істейтін мұғалімдердің ұлдары да бар көрінеді.

Осы факті бойынша полиция екі күдіктіні ұстаған. Бас прокурор Берік Асылов іс өзінің жеке бақылауында екенін жазды.

Фото интернеттен алынды.