“Харам” мен “халалдың” құны – болашаққа балта шаппасын

Жаңадан ашылған «Отау» рестораны құрылтайшысы бірі Қабылбек уағызшы екен.
Әлемжеліде мыңдаған жазылушысы бар бұған ресторан салу да, оны жүргізу де сөз болып па.
Бұл ресторан тағы халяль дейді.
Жә, стейктер жасау үшін керек ет Аргентина, Бразилия, Европа, Канададан әкелінеді.
Бұл малдың «о» жақта «бісміллә» деп бауыздалғанына кім кепілдік береді?
Жергілікті мал етінде болуы мүмкін бруцеллез таяқшалары «бісміллә» десе жойылып кете ме?
Сүт тағамдары құрамында болуы мүмкін сальманеллез, т б ауруларды «бісмәллі» сөзі залалсыздандыра ала ма?
Дәреті бар әтеш пен дәреті бар тауық туған жұмыртқаны қайдан алмақ?
Халяль брендін ҚМДБ дан ақшаға аласың.
Бұл —тауарды легализ ететін акциз сияқты, «тағамды жеуге болады» деп негізсіз айтылып берілетін белгі.
Болмаса ҚМДБ-да тағам құрамына терең анализ жасайтын зертхана жоқ қой.
Бір бай еврей байлығы есебін сұрағанға «алғашқы млн долларымның есебін ғана бере алмаймын, қалғаны бар ғой..» депті.
Сол сияқты Қабылбек те алғашқы ақшалары есебін бере алмаса керек.
Адал ақшасына бизнес ашып— салығын төлеген кәсіпкерге алғыстан басқа айтасың ба?!
Ал, ұрпақты надастырудан жинаған қаражатына кәсіп ашып, оны тағы өзі надан қылған адамдар есебінен жүргізу—нағыз арамдық енді..
Төртуыл ШОҚАН, қоғам белсендісі.
Фото көрнекілік үшін.