«Қайнағамнан көрмеген қорлығым қалмады» дейді заңгер

0
501

ТикТок әлеуметтік желісіндегі парақшасында заңгер, блогер Дилья Кенебаева басынан өткен қиын өмірі туралы жасырмай айтып берді деп жазады Democrat.kz.

Отбасылық өмірі туралы баяндаған Дилья: «Отбасылық өмірде көрмеген қорлығым қалмады. Ең сорақысы, қорлықтың көкесін басқадан емес, қайнағамнан көрдім.

Үйде ешкім жоқ жерде маған қол жүгіртіп тиісетін. «Фигураң әдемі» деп сыртымнан сипайтын. Мен келін болып түскен отбасыда балалары өз шешесін сабап ұратын.

Біз еншімізді алып, басқа қалаға кетсек те, артымыздан келіп алатын. Ал күйеуім соның айтқанын орындайтын. Ол бірнеше рет үйленіп, ажырасты.

Тіпті мас кезінде төсегіме тырдай жалаңаш кіріп жатпақ болып, онысын «мас едім» деп қтап та алды. Қысқасы, қайнағам күн көрсетпеді.

Күйеуім жұмыс істеп, ақша таппайтын. Жаныма ең қатты батқаны, қайнағамның ұятсыз әрекетіне ешкім сенбеді. Керісінше барлығына мені кінәлады», — деген Дилья осындай сорақы өмірі туралы жылап отырып баяндап берді.

Дайындаған — Ұлжан БАҚЫТҚЫЗЫ.

Фото видеодан скринделіп алынды.