Қара шаңырақта қалқиып қариялар қалуда

0
374

Кезекті подкаст сұхбатында танымал кәсіпкер Сырым ТАУ қазіргі тәрибе мәселесі туралы сөз етті деп жазады Democrat.kz. ақпараттық порталы. 

«Қазіргі кезде тәрбие мәселесінде проблема бар. Бір ата-ана 6-7 ұл баланы бағып, қағып өсіреді, аяғынан тік тұрғызады. Содан әлгі ұлдың бәрі үйленіп, әйелімен еншісін бөлек алып, басқа жаққа кетеді. Ал ата-ана қара шаңырақта ешкімсіз екеуі қалады. Бұл қалай? Тұрмысқа шығар кезде қыз өзінің бір шаңырақтың кенже ұлына әел болатынын білмегені ме?»,-деген кәсіпкер қазіргі кезде осындай мәселелер тәрбиенің дұрыс берілмеуінен болып жатқанын айтады.

Жөн сөз. Қазір көп қыз күйеуге шыққанша, бәріне көнетін, ата-енеге қарап, қара шаңырақта қалатын ниет танытып келеді-ақ. Өкінішке қарай, келін болып түскен соң, «қисалаңдап» бастайды. Күйеуінің миын жеп, ауылдан қалаға қарай сүйрейді.

Арада баласы болса, баланы алға тартып, ақыры дегеніне жетеді. Мұның зардабын тартатын жасы келген ата-ана болмақ.

Қыз ауылда тұратынын, болашақ күйеуінің ата-анасымен тұратынын біліп келді ғой? Өкінішке қарай, тәрбиесі солқылдақ осындай қыздарымыздың кесірінен талай қара шаңырақ қу бас қалған қарттарға тола бастады.

Ал ең сорақысы, қарттар үйі де осындай қараусыз қалған шал-кемпірге толып жатыр.

Қазақта көбінесе, кіші ұл ата-анаға қарап, қара шаңырақта қалу дәстүрі бар еді. Ал қазір сол дәстүрдің бұзылғаны сондай, «келіннің айтқаны болсын» деп қаншама қариялар баласын келінге жетектетіп жіберуге мәжбүр болуда.

Дайындаған: Әлия БОЛАТ.

Democrat.kz.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.