Қазақтар «өштескен» бір әріп бар

0
334

ТикТок әлеуметтік желісінде Бейбарыс атты жас бала көптің көкейінде жүрген маңызды мәселе туралы ойымен бөлісті деп жазады Democrat.kz.ақпараттық порталы. 

«Осы қазақтың «өштескен» бір әрпі барын білесіз бе? Ол қандай әріп дейсіз бе? «Ә» әрпі. Осы әріпті айтуға қорланамыз ба, әлде осы әріпті айтсақ кеміп қаламыз ба? Неге осы «Ә» әрпін өз орнында қолданбаймыз?» деген Бейбарыс «Ә» әрпі бар адам есімдерінің құбылып, түрленіп кететініне тоқталады.

Расымен де, өз ұлтымыздың ерекше дыбыстарын түрлендіріп, бұрмалап, быламығын шығаруға шеберміз ғой.

Қараңызшы, «Әлияны» — «Алия», «Әселді»-«Асель», «Аселя», «Әлиді»- «Али» дейміз тіл бұрап.

Мұнан бөлек, «қ», «ң», «ұ», «ү», «ө» дыбыстарымыз да өзге тілдің басқа әріптеріне жұтылып, жетімдік көруден көз ашпай келеді. Соңғы уақытта ұлға «Әлихан» есімін беру үрдісі белең алды. Иә, керемет есім. Ұлтына қызмет еткен ұлы тұлғаның аты. Алайда «Әлиханымыз» «Алиханға» айналды.

Неге қорсынамыз, неге өз әріптерімізді жазып, өз дыбыстарымызды қолданудан қашамыз?

@puebars

не ойлайсыздар?

♬ original sound — Бибарыс