ҚМБД: «Басты мақсат — әйелдің абыройы мен қоғамда түрлі бүліктердің тууына жол бермеу»

0
27

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы әйелдердің мешітте намаз оқуына қатысты мәлімдеме жасады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Әйелдердің мешітке барып жамағатпен намаз оқуының оқасы жоқ. Бірақ үйінде оқығаны абзал», — деп жазылған хабарламада.

Діни басқарма мынадай мысалдар келтірді.

«Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Әйел­деріңе ме­шіт­ке ба­руға тыйым салмаңдар. Бі­рақ үйле­рі олар үшін ме­шіт­ке ба­ру­дан да қайырлы» деген. Ханафи мәзһабының ғалымдары фитнаға (бұзақылық) түсіп қалу қаупі болғандықтан, жас әйелдердің мешітке барып жамағатпен намаз оқуын мәкруһ санаған. Себебі Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Үйле­рі олар үшін ме­шіт­ке ба­ру­дан да қайырлы» деген. Ал жасы үлкен, қарт әйелдердің таң және ақшам мен құптан намаздарында мешітке баруына болады. Бұл — имам Әбу Ханифаның көзқарасы. Өйткені ниеті бұзақылар бесін мен екінті намазында қаптап жүреді. Ақшам намазында кешкі асын ішумен әлек, таң намазы мен құптанда ұйқыда болады дейді. Әбу Юсуф пен Мұхаммедтің пікірі бойынша қарт әйелдер барлық парыз намазда мешітке бара алады», — деп жазылған хабарламада.

ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі мәліметінше, мешітте әйелдерге арналған бөлек жер болса және ол жерге барар жол да көпшілікке көрінбейтіндей болса, оқасы жоқ.

«Басты мақсат — әйелдің абыройы мен қоғамда түрлі бүліктердің тууына жол бермеу», — деді ҚМДБ өкілдері