Қоғамның ақыл, білім деңгейі осы ма?

0
244

Рекорд және қоғамдық сана…Әлеуметтік желіде балағат сөздерімен танымал болған, кейінірек сондай әрекеті үшін сотталған Мұрат Әбілда жақында түрмеден шықты.

Бостандыққа шыққан күні ол ТикТоктан парақша ашты.

✅Жаңадан ашқан парақшасына орташа есеппен сағат сайын 15-20 мың оқырман жазылды. Әлі  де жазылып жатыр.

✅24 сағатта оқырмандар саны 370 мыңға жетті.

✅Алғашқы тікелей эфиріне 100 мың адам қосылған.

✅ Соңғы бір аптада «Google» поискта және YouTube желісінде «Мұрат Әбділдә есімі ең көп ізделген.

✅ Аудитория ауқымы Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан.

✅Алғашқы эфир үзінділеріне ондаған мың репост жасалған.

✅Бейресми мәлімет бойынша Алматы, Шымкент, Түркістан сияқты бірнеше қаладан бірнеше миллионға коммерциялық ұсыныс түскен.

✅Сұрақ: Мұрат Әбділдә қазақ қоғамына идеал ма?

✅Мұндай миллиондаған әлеуметтік сұраныстың астарында не жатыр?

✅Делебесі қозу деген ұғым бар. Қоғамдық эмоция қажет ететін позитивті қажеттілік. Ұлттық сипатқа ие. Мысалы, қазақ қоғамы бұрын айтыс десе ерекше делебесі қозатын.

Тамаша, Шаншар сияқты театрлар бертінге дейін халықтың ішкі сұранысын орындап келді. 2020-шы жылы Мұрат Әбділдә есімі жарқ етті. Түрмеге дейінгі кейпі делебені қоздырды. Түрмеден шықты. Жүздеген мың адам парақшасына жазылып жатыр.

Енді ол қоғамдық сұранысты орындай алады ма? Бұл уақыттың еншісіндегі құбылыс. Әлеуметтік желі жарқ етіп тез жағады. Түсіне білген адамға баяу жарылатын бомба. Абайлаңыздар….

Ербол МӘНДІБЕК, журналист.

Facebook жазбасы.

Фото интернеттен алынды.