Қорғаныс министрлігінің өкілі қазақша жауап беруден бас тартты

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары, бас штабтың жетекшісі Сұлтан Камалетдинов сенат брифингінде журналисердің сұрағына қазақ тілінде жауап беруден бас тартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Журналистер брифинг барысында сенатта талқыланған резервтегі қызмет жайлы сауал қойған еді. Вице-министр конституциялық құқығы барын айтып, сұраққа орыс тілінде жауап берді.
“Әскери қызметкердің жұмыс орны мен орташа жалақысы сақталады. Мен конституциялық құқығыма сәйкес қай тілде жауап беруді таңдасам, сол тілде жауап бере аламын. Сонымен қатар жиын өктізген кезде азаматтар барлық әскерилер секілді жеңілдіктерді пайдалана алады. Оның ішінде тамақпен қамтамасыз ету, құрал-жабдықтар мен медициналық қамтамасыз ету бар”, – деді Камалетдинов.
Вице-министрдің сөзінше, аталған заң жобасы елдің қорғанысы мен қауіпсіздігін нығайту үшін маңызды.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда запастағы әскери қызметкерлерге ай сайын минималды айлық төленетіні туралы хабарлаған едік. Бұл норма резервтегі әскери қызмет туралы заңға енгізілетін өзгерістерге қосылған.