«Қожалар — ешқандай да ақсүйек емес» дейді

0
358

Еуропада оқитын бір қожа жігіт ДНК-сін тексерткен екен, 70% парсы (Персы), 10% Монголоидная раса, 5% Дальневосто́чная ра́са, 6% Ориентальный тип, 3% Нордическая раса, 0.5% Негроидная раса және қалғаны басқа нәсілдер болып шығыпты.

Айдың күннің аманында такаппарланып, «Біз деген пайғамбардың тұқымымыз, біз деген ақсүйекпіз, сендер-қазақтар, қара сүйексіңдер, біз қазаққа қыз бермейміз, қазақтан қыз алмаймыз»-деп жүретін әлгі қожа осы ДНК сараптамасынан кейін бір жұма бойы ас су іше алмай жатып қалыпты.

Айтпақшы, ол жігіт арақты жақсы ішеді және ақшасының көбін қыз-келіншектерге жұмсайды. Онысымен қоймай, «Қазақтарды біз мұсылман қылдық» дейді.

Бір рет дастарқан басында осы іс әңгіме болды. Сонда Түркиядан келген бір оқымысты кісі Қожалардың арабтардан гөрі парсыларға жақын болуы табиғи, Қожалар Орта Азияға әкелген Жеті Нәзір, Қырқы Нәзір, Сексен күндік нәзір (екінші қырқы нәзірі), Жүз күндік Нәзір, жыл нәзірі дегендердің бірде бірі Арабтарда жоқ, Түріктерде де жоқ, тек Ирандық Парсыларда ғана бар»-деп түсіндіріп берді.

Намаз деген сөздің өзі араб сөзі емес, парсы сөзі екен. Біздің дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, сенбі, жексенбі деген сөздеріміз де парсы сөзі екен. Тек жұма ғана араб сөзі екен.

Парсылардың көп бөлігі шиттер ғой. Ішінде әләуидтер де көп. Сол шиттерде қабір айналып, өлген адамнан медет сұрайтын жаман дінбұзарлық бар дейді әлгі Түркиялық оқымысты кісі. Ал таза дінде қабірді зиярат ету бар, одан медет тілеу жоқ дейді. Бір Жаратушыдан басқа ештеңеге жалбарынуға, сыйынуға болмайды дейді.

Одан басқа көп сөз айтып дәлел келтіріп еді. Олары есімде жоқ. Мен дін адамы емеспін ғой. Керек болса ол кісінің сондағы видеосын тауып жүктермін…

Мен қожаларды кемсітейін деп тұрған жоқпын. Не бір жақсы қожа достарым бар.

Қазақта тек қана Жошы тұқымы ақсүйек саналғанын олар білсін.

Маған қазақтың бәрі бір. Әр қазақ менің жалғызым. Тек, «ақсүйекпін» деп сасық көкіректенбесін. Құдайдың өзі Жаннатта дәріс беріп жүрген Ібілісті сол такаппарлығы үшін лағнеттеп, шайтан атандырды ғой.

Әсел ҚОЙБАҒАРОВА,

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.