Куәгерді азаптаған полицейлер жазаға тартылды
Қарағанды облысы прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы полиция қызметкерлерінің куәгерге қатысты азаптау әрекеттерін қолдану фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Азаматтың басқа тұлғаның денсаулығына орташа зиян келтіргені үшін жауап алу мақсатында полицияға шақырылғаны анықталды.
Қызметтік бөлмеде екі жедел қызметкер оған психологиялық қысым көрсетіп, кінәсін мойындау үшін дене жарақаттарын келтірген.
Сотталғандар «полиция капитаны» арнайы атақтарынан айырылды. Оларға жәбірленушілердің өтемақы қорына айыппұл төлеу жазасы да тағайындалды.
Қарағанды облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы үкімді өзгеріссіз, апелляциялық шағымдарды қанағаттандырусыз қалдырды.