Қуандық Бишімбаев сотқа шағым түсірді
Қуандық Бишімбаев сотқа шағым түсірді. Бұған мекеме басшылығының оған жеңілдік жасамауы себеп болған, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, сотталғандарға жазаны өтеу тәртібін бұзған жағдайда көтермелеу шаралары қолданылмайды.
«Бұл сотталушы бір рет заң бұзғанын ескере отырып, сот сотталушының шағымын қанағаттандырмады», — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Алайда Бишімбаевтың қандай заң бұзғаны айтылмады.
Еске салайық, 2024 жылғы 13 мамырда Астанада Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот процесі аяқталды. Сот экс-ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевты әйелін азаптап, өлтіргені үшін кінәлі деп танып, 24 жылға бас бостандығынан айырды.
Бұған дейін адвокат Жанна Оразбақова экс-министр Қуандық Бишімбаевтың қылмыстық ісіне қатысты тың мәліметтерді бөліскен еді.
Ол оқиға болған түні Бишімбаев пен Нүкенова шақырған такси жүргізушісінің әңгімесін жариялады. Такси жүргізушісі кездейсоқ жолығып, адвокатты танып, жағдай туралы баяндаған.