«Күйеуім — педофил» деген блогер детектордан өтті

0
298

Күйеуін жасөспірім қыздарға қырындады деп айыптаған блогер Құлпынай Калменова мен күйеуі Қолғанат Жұмабаев детектор өтірігіне отырып, қойылған сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Журналист Руслан Өтепбай өткізген эфирде Құлпынай Калменова 5 сұраққа жауап берді.

— Күйеуіңізге тұрмыстық өмірде көңіліңіз толатын ба еді?

— Жоқ.

Детектор: Дұрыс жауап берді.

— Күйеуіңізді бөтен әйелдерден жиі қызғанатын ба едіңі?

— Жоқ.

Детектор: Дұрыс жауап берді.

— Сіздің ойыңызша, күйеуіңіздің кішкентай қыздарға деген сексуалды әуестігі бар ма?

— Иә.

Детектор: Дұрыс жауап берді.

— Күйеуіңізден кек алғыңыз келді ме?

Детектор: Дұрыс жауап берді.

— Күйеуіңізден кек алу үшін оны педофилге теңедіңіз бе?

— Жоқ.

Детектор: Дұрыс жауап берді.

Сөз соңында Құлпынай Калменова өтірік детекторына өз еркімен, еш күштеусіз келгенін айтты.