“Күнәһар кәпірлердің тілегі қабыл болады” деді Нұрлан имам (ВИДЕО)

0
420

Өзіне келген кей сұрақтарға жауап берген Нұрлан имам қабыл болатын тілектерге тоқталды деп жазады Democrat.kz.

“Кірпік жабыстырып, тырнақ жалғатқандардың тілегі қабыл бола ма?” деген оқырманының сауалына Нұрлан имам:

“Қабыл болады. Олар түгілі күнәһар кәпірдің де тілегі қабыл болады. Тырнақ жабыстырғандарға тиісе беретін болды қазір. Оларда нелерің бар? Тырнақ жабыстырмай-ақ тілдері 2 метрлер бар. Тырнағы ұзынның дәреті өтпеуі мүмкін, бірақ дұғасы қабыл болады. Тырнағы ұзындарға салауат айт де, дұға ет де. Ондайлар солай иманға келеді” дейді.

Фото интернеттен.