Күзде қыздарға жаппай екпе егіледі

0
149

Қазақстанда қыздарға адам папилломавирусына қарсы вакцина егіле бастайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазақстанда 2024 жылдың қыркүйегінен бастап қыздарды адам папилломавирусына  қарсы вакцинациялау басталады. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова Мәжілісте хабарлады.

Есмағамбетованың айтуынша, әлемдік нарықта АПВ-ға қарсы вакциналарды тек үш ел шығарады: Бельгия, Қытай және АҚШ. Қазақстанда Америка Құрама Штаттарында өндірілген төрт валентті «Гардасил» вакцинасы қолданылатын болады.

Брифинг барысында журналистер вакцинаның ықтимал жанама әсерлері туралы сұрған. Вице-министр вакцинация негізінен барлық егулерге тән жергілікті реакцияларды тудырады деп сендірді: дене қызуының аздап көтерілуі және инъекция орнының қысқа уақыт ішінде ісінуі.

Есмағамбетова мұндай белгілер балаларды сабақтан  босату үшін негіз еместігін және әдетте елеулі жағымсыз әсерлер байқалмайтынын атап өтті.

Ол сондай-ақ вакциналардың әрбір партиясы Қазақстанға кіре берісте қатаң тексеруден өтетінін атап өтті. Препараттардың қауіпсіздігі мен сапасын растайтын құжаттар олардың барлық қажетті стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз ету үшін міндетті түрде тексеріледі.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.