“Қызды үйден теріс шығару” ырымы қазақта бар ма?

0
326

ТикТок әлеуметтік желісінде тараған төмендегі видео көпшіліктің көкейінде сұрау тудырды деп жазады Democrat.kz.

Видеода ұзатылып бара жатқан қызды үйінен екі кісі қолтыптап терісінен шығарып, көлікке дейін теріс жүргізіп апарады.

Мына видеоға қатысты жұрт “менттер ұстап әкетіп бара ма деп ойладым”, ” мұндай да бар ма?”, “есекке теріс мінгізгенді білуші едік, мұнысы несі?”, “қатты шаршаған-ау мына қыздан, желкелеп қуып жіберді ғой”, “ойларына келгенін істеп… не керек енді мынау” деген сыңайда пікір жазуда.

Фото видеодан скринделді.

Watch on TikTok