Ләйлә Сұлтанқызы: “Жүйкеміз сыр беріп, жанайқайымыз шығады”

0
203

Кешегі сотты көрмеген, “Құдай сақтасын” деп жағасын ұстамаған, өзара талқыламаған саналы ересек адам қалмаған шығар бұл елде” деп жазады танымал журналист Ләйлә Сұлтанқызы Инстаграм парақшасында деп хабарлайды Democrat.kz ақпараттық порталы.

Қоғамды шулатқан Бишімбаев сотына қатысты өз ойын: “Ішкен-жегеніңді асқазан 3-4 сағатта қорытса, ал бұл істі миымыз сағаттап тұрмақ, күндеп, апталап, айлап қабылдай да , түсінбей де, “қорыта” да алмай келе жатыр.

Пачақ-пачағын шығарып, толып тұрған дәлелмен екі отырыста-ақ қылмыскер қатаң жазасын алып, сотталатынына сенгендер қатарында мен де бар едім. 4 айдан асты, біз небір сорақылық, небір
заңсыздыққа жол берілгенін (Заңгер емеспін, жеке ойым) көріп отырмыз. Алла сабыр бере көр.

Қылмыскер біз ойлағандай жазасын алмайтын болса, міне сол кезде жүйкеміз қатты сыр беріп, бар жанайқайымыз шығатын сияқты…
Байқайсыздар ма, заң бойынша салқынқандылық, бейтараптық танытып, соттың әділ, соңғы шешімді күтудің өзі қиынға соғып барады” деп жеткізген журналист “Қыз тағдыры — ойыншық емес!” дейді.

Фото ашық дереккөзден алынды.