«Марсқа ұшайық!» деді Илон Маск

0
61

Миллиардер әрі АҚШ-тың мемлекеттік тиімділік департаментінің басшысы Илон Маск халықаралық ғарыш станциясынан орбитадан шығаруға дайын.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл туралы ол Х әлеуметтік желісінде жазды.

«Халықаралық ғарыш станциясын орбитадан шығаруға дайындықты бастайтын кез келді. Ол өз жұмысын аяқтады. Оның пайдасы аз. Марсқа ұшайық, — деп жазды Маск.

Айта кетерлігі, халықаралық ғарыш станциясы 1998 жылдың 20 қарашасынан бері орбитада жатыр. Станцияның салмағы шамамен 435 тонна, ал кемелермен қосқанда 470 тоннаға жетуі мұмкін. Жобаның қатысушылары: Ресей, Канада, АҚШ, Жапония және Еуропалық ғарыш агенттігіне мүше Бельгия, Германия, Дания, Испания, Италия, Нидерланд, Норвегия, Франция, Швеция, Швейцария сынды 10 мемлекет.

Ресейлік БАҚ РФ халықаралық ғарыш станциясында 2028 жылға дейін қалуды жоспарлап отырғандарын жазды.