Машинисі қашқан пойыз туралы тағы бір дерек шықты

0
588

Бірер сағат бұрын ғана Democrat.kz. ақпараттық порталы «Пойыз машинистері жолаушыны тастап қашқаны несі?» атты мақала жариялап едік. Сол жерде айтылған оқиғаға байланысты тағы бір деректер пайда болды. 

Осы оқиға болған сәтте жргізілген Facebook әлеуметтік желісіндегі тікелей эфирді бөліскен Ақбаян Жалмұрзаеваның видеосында оқиға былай баяндалады.

«Қызылорда-Көкшетау» бағытындағы №056 пойыз  Қызылорда қаласынан шығып, Түркістанға жеткенде бірден кілт тоқтаған. Пойыздың бұлай тоқтауы салдарынан ішіндегі жүздеген жолаушы зардап шеккен.

Бірі басын, бірі аяғын соғып, бірі құлап… Жолаушылар Түркістанға жеткенде пойыз машинистерінің удай мас екенін білген. Мұнан бөлек пойыз буфетінде теңселіп, ішіп жүрген өзге де жолсеріктерді де көрген.

Пойызда жолаушының темекі тартуына «қатаң тыйым салған» Қазақстан Темір жолдары, сол пойызда ішімдік ішуге тыйым салуды «ұмытып» кеткені бөлек әңгіме.

Пойызда жолаушының ішімдік ішуін көрген көзіміз, енді пойыздың машинисі, жолсеріктерінің ішімдік ішкенін де көрді. Бұл не сұмдық? Адам өмірінің қауіпсіздігі деген түсінік қайда? Заң қайда?

Төмендегі видеода пойыз Түркістанда кілт тоқтағаннан кейінгі жағдай баяндалады. Сонымен қатар пойыз буфетінен де қысқаша көрініс бар екен.

Фото видеодан скринделіп алынды.