«Мен — педофил емеспін!» дейді блогер Қанағат Жұмабаев
«Күйеуім — педофил» деген блогер Құлпынай Қалменованың күйеуі өзін ақтау ретінде арнайы видео жариялады деп жазады Democrat.kz.
«Күйеуім 10-11 жасар қыздарға сезімін білдіріп жүр» деп Құлпынай Қалменова қолында бар дәлелді жазбаларын жариялаған еді.
Осыған байланысты енді күйеуі Қанағат Жұмабаев «маған жала жабылуда» деп, осы жағдайда сөз болған 10-11 жасар қыздар мен олардың ата-аналарының пікірін видеоға түсіріп жариялады.
Видеода қыздардың шешелері Қанағатты бұрыннан танитындарын, блогердің өз қыздарына қарындасындай қарайтынын айтып, Құлпынай Қалменованың әрекетін сөкті.
«Айшаның — шешесімін. Құлпынайдың компромисіне барып отырған жоқпын. Айшаның әкесі ашуын әрең басып отыр. Құлпынай ажырасқысы келсе, біздің қыздарды желіге жарияламай, реттемей ме? Мен мұны заң бойынша шешемін», — деген Айшаның анасы ашуға мінді.
Ал сөз болып отырған Айша да «Қанағатты «аға» деп сыйлаймын» дейді.
Ал Аянаның анасы «қызым менен ештеңе жасырмайды. Күйеуім де Қанағатқа сенеді» дейді.
Фото видеодан скринделді.
@zhumabaev_07 Қазақ елі ! Ақиқаттың бәрі осылай!!!