Мешіттен шығып жатқан «заңдар» шектен шығып кетпеді ме?

0
6813

Кей аймақтың бас имамы уақыт болған адамдарды жерлеу рәсіміне ,дастархан мәзіріне байланысты мешітке келгендермен ақылдасып шешім қабылдады деп жиі жазыла бастады.

Соның ішінде уақыт болған адамды ұстауға болмайды ,сол күні жерлеу керек ,қаралы үйден тамақ ішуге болмайды ,жетісін мешітте өткізіп тарау керек ,40 ,100 ,жылын атау мүлдем қажеті жоқ деген әңгімелер айтылып және соны мыңдаған адамдар қолдап отырғанын көріп таң қалып отырмын .

Біріншіден , арнайы дерек бойынша халықтың 1,5-2% мешітке барып намаз оқиды ,сол аз адам бүкіл қазақ үшін халықпен санаспай шешім қабылдауы мүлдем дұрыс емес.

Адамды уақыт болған күні көму де дұрыс емес ,талай адамның тіріліп кетіп қабірде қиналғанын болып жатқан жайт ,ол қабірден шыға алғандары ,ал шыға алмай тұншығып өлгендері қанша екенін бір Құдай біледі .

Адамның көмілгенін көзімен көрмей ,қазақша айтқанда бір уыс топырағын салмай ,жаны жақын адамның келмеске кеткеніне сенбей мазалайтынын да ескеруіміз керек ,алыстағылардың күтілу себебі де сондықтан дұрыс болады.

Енді тамақ мәселесіне келсек ,бізде, қайтыс болған адамға қоймай тұрып көңіл айтуға келгендерге әуелден тамақ берілмейді . Атырауда кірген жанның бәріне тамақ беріледі ,бұл әрине дұрыс емес ,осыған ақылдасып тыйым салу керек . Адамның ет жақын туыстарына уақытын белгілеп асын береді .

Жерлеуден кейін қатысқандар мәйт басынан тарап кетеді ,тек ең жақын бауырлары ,алыстан келген адамдар үйге келіп дұға оқып кетеді .

Енді үші ,жетісінде де дұға бағыштауға барған адамдар қаралы үйден тамақ ішпейді ,тек шелпектен дәм ауыз тиеді. Осы әдет ковит кезінде бастап қолданылды , әрі қарай дәстүрге айналдыру қажет.

40,100, жылы әдейі шақырылған адамдармен атап өтіледі . Ол күндері түске дейін әр түрлі себеппен дұға бағыштай алмаған адамдар дұға жасап ,тағыда тек дәм ауыз тиіп кетуіне болады.

Кәзір қалада үші мен жетісі бір беріліп жүр және дастархан жайылады ,ол да дұрыс болар ,бірақ дастарқан мәзірін той емес ,барынша қарапайым жасаған дұрыс деп ойлаймын ,ал ауылдық жерде бәрі таныс ,туыс болғандықтан адамның көптігін ескеріп 3 -ін ,7-ін бөлек өткізіп , тек шелпектен ауыз тигізіп шығаруымызды бәрімізге бірдей әдетке айналдыруымыз керек.

Имамдардың әңгімелері мешітке адам шақырудан туған іс — әрекет сияқты көрінеді .

Әбді-Бек БИСЕНТЕГІ, қоғам белсендісі.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.