Министр туралы қызықты деректер

0
727

“Еуразия-1” телеарнасы қазіргі Оқу ағарту министрі Ғани Бейсембаев туралы қызықты ақпараттармен бөлісті деп жазады Democrat.kz. ақпараттық порталы.

Қазақстанның №1 ұстазы, оқушыларға “білімді бол” дейтін, ал мұғалімдерге қалай білікті болуды нұсқайтын Ғани Бейсембаев кезінде қандай оқушы болыпты? Телеарна тілшілері Шиеліге арнайы ат басын бұрып, министрдің туған ауылына барып, оның достары мен ұстаздарымен тілдесіп қайтыпты.

Министрдің оқушы кезін еске алған таныстарының бірі Ұлықбек Піржанов “ол сабақтан қашатын” десе, ал мұғалімі “құрылыс жұмысынан қашып кетті” дейді. Ал бозбала шағында қыздарға сезімін Ғани Бейсембаев қара өлеңмен білдірген сері болған екен.

Кезінде министр оқыған мектеп қазір құдды бір Ғани Бейсембаевтың музейі іспеттес екен. Министрдің сынып жетекшісі болған Ұлтай Сейілова: “Негізі журналист болатындай дәрежеге көтерілуіне болатын еді. Бірақ енді “қазақтың әдебиетін таңдадым” деді ғой. “Сізге еліктедім” деді. Мен әдебиеттен “төрттік” қойған екенмін. “Өзімді дәлелдеймін” деді ғой. Дәлелдеді ғой енді”,-деген министрдің апайы “мектептің құрылысы басталғанда, Ғани есебін тауып, кетіп қалды. Оқуға түсіп, кетіп қалды” дейді. Министрдің мектепте алған бағалары кілең “бестік” болыпты. Тек математика пәнінен бір “төрттік” алып, алтын белгіге қол жеткізе алмаған екен.

Фото интернеттен алынды.