Мұғалім әріптесін өлтірді деген күдік бар
Қызылордада мектеп мұғалімі дене шынықтыру пәнінің мұғалімін өлтірді деген күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желіде Қызылордада мұғалім әріптесін өлтіргені туралы ақпарат тарап жатыр.
Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл деректі растап, оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, сараптамалар тағайындалғанын мәлімдеді.
«Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Күдікті қамауға алынды, тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жарияланбайды», – деп атап өтті департаменттің баспасөз қызметі.
Бұл оқиғаға облыстық білім басқармасы да түсініктеме берді.
«31 мамырда екі мұғалімнің де еңбек демалысына кеткенін хабарлаймыз. Оқиғаның мән-жайын құзырлы орган анықтап жатыр», – деп толықтырды ведомство.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.