«Мұғалім, дәрігерлердің жалақысы қысқаруы мүмкін» дейді сарапшылар

Қазақстан бюджетінің тапшылығы 10 трлн теңгеге жетті. Бұл туралы экономист Сапарбай Жобаев «Түскі формат» бағдарламасында айтты деп жазады Democrat.kz.
Жалпы дамыған елдерде бюджет тапшылығы ЖІӨ-нің 2-3%-ынан аспайды. Ал бізде ол 10%-ға жеткен. Үкімет осы уақытқа дейін тапшылықты жабу үшін жыл сайын Ұлттық қордан трлн-дап ақша алады.
Бірақ бұл қарқынмен кете берсе, 5-6 жылдан кейін бюджетте қаражат жетпей, жалақы қысқаруы мүмкін. Қаржыны үнемдеудің орнына, билік бюджетке ақша жинаудың оңай жолын таңдады.
Яғни халыққа жаңа салықтар енгізуді қолға алған. Ал ірі бизнес пен квазимемлекеттік кәсіпорындардан түсетін салық көлемі жеткіліксіз. Себебі мемлекет олардан қаржы талап етуге қауқарсыз.
Сарапшылар салық жүйесін қайта қарамаса, дағдарыс болады деп ескертті. Оның соңы мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысын қысқартуға әкелетінін де ескертті.
Фото көрнекілік үшін.
@atamekenbusiness Қазақстан бюджетінің тапшылығы 10 трлн теңгеге жетті. Бұл туралы экономист Сапарбай Жобаев «Түскі формат» бағдарламасында айтты. Жалпы дамыған елдерде бюджет тапшылығы ЖІӨ-нің 2-3%-ынан аспайды. Ал бізде ол 10%-ға жеткен. Үкімет осы уақытқа дейін тапшылықты жабу үшін жыл сайын Ұлттық қордан трлн-дап ақша алады. Бірақ бұл қарқынмен кете берсе, 5-6 жылдан кейін бюджетте қаражат жетпей, жалақы қысқаруы мүмкін. Қаржыны үнемдеудің орнына, билік бюджетке ақша жинаудың оңай жолын таңдады. Яғни халыққа жаңа салықтар енгізуді қолға алған. Ал ірі бизнес пен квазимемлекеттік кәсіпорындардан түсетін салық көлемі жеткіліксіз. Себебі мемлекет олардан қаржы талап етуге қауқарсыз. Сарапшылар салық жүйесін қайта қарамаса, дағдарыс болады деп ескертті. Оның соңы мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысын қысқартуға әкеледі. Жүргізуші – Айжан Ілиясқызы @aizhan_ilyaskizi Продюсер – @janarakilbekova @omir_media Сапарбай Жобаев – Экономист-ғалым «Түскі формат» бағдарламасының толық шығарылымына сілтеме стористе