Мұғалім көрсе, «жын көргендей құтыратындар» көбейді
Еркін Рақышев, Сіздің пікіріңіз Оқу ағарту министрі Ғани Бейсембаев қолдаған “Мақсатты мектеп” жобасымен идеялас екен.
Біріңіз “мұғалімді іріктеп, жарамсызын жұмыстан шығару керек” десеңіздер, екіншіңіз “соттаймын” дейсіздер.
Билікті сайлап, айтқанына көніп, айдауын көріп, шыршаның басынан құлап мерт болып жатса да мұғалімнің құқын таптағанды қоймайсыздар!!!
Мұғалімге сабақ беруге мүмкіндік бермей, қойша қуалайтын министрі де жетеді, бір шыбықпен үйіретін, қаласа жұмыстан қуып, қаламаса қарын күретіп, шөбін тазалаттыратын басқармалары да жетеді, одан қалса ата-анасы сабағына кіріп сабап кетеді.
Аппақ арымызды алақанымызға ұстап алып, қара тер еңбегімізді қорғап, сотқа жүгінеміз, бірақ “қап” деп өкінетін адамгершілігі бар, ұстанымы берік адам таппаймыз!!! Енді сіздің соттатуыңыз қалып еді?!
Сіз алдымен қандай Стандарт бар, қандай бағдарлама бар, қандай әдістеме бар, қандай оқулық барын, оқушы қалай бағаланатынын зерттеп көріңіз. Бір ай соны анықтаңыз!!!
Содан кейін сабаққа қатысыңыз. Кез-келген қазақ мектебіне барып сабақ берейін!Келіңіз, сабағымды көріңіз!!! Сабақ бере алмасам, соттаңыз!!!
Өтілген сабақты түсінбей сұрақ қояр болсаңыз, сізді Сотқа беремін!!! Барлық бақытсыздықтарыңды мұғалімнен неге көресіңдер?!
Мұғалім көрсеңдер жын көргендей “құтырғандарды”қашан қоясыздар?! Қолдарыңа ұстаған қаламның қасиеті атсын сендерді, дауа жоқ екен!!!
Мира БАРКАЗАТҚЫЗЫ, белсенді ұстаз.
Facebook жазбасы.
Фото көрнекілік үшін.