Мұғалімдердің ұлтшылдығы ешкімнен кем емес!

0
604

Қазақ тілі мұғалімдерін сотқа беремін деген депутат. Егер мен ойлағандай нәтиже шықпаса алған айлығының барлығын қайтару керек дейді. Азамат. Жарайсың Ереке.

Бірақ бір «но» бар. Соған ақылың жетпесе мандатыңды қайтара сал. Сенің айтқаның баяғы кездегі пенсия алатын ата-апалардың кассир қызға ұрысқанындай байбалам екен.

«Пенсия неге аз» деп байғұс қызды жер-жебіріне жетіп жатады. Немесе аптекада «дәрі неге қымбат» деп сатушы қызға айтатын претензияға ұқсайды.

Ереке, мына сенің айтқаның да сол ария. Мұғалім оқытады ғой. Оқытқанда да сен ойлайғандай қалай болса солай оқытпайды. Бар жән-тәнімен оқытады. Шын көңілмен. Себебі 99 процент қазақ кісілер.

Сенде бар ұлттық намыс оларда жоқ деп кім айтты. Жалғыз сенсің бе қазақ тілінің жыртығын түгендеп жүрген? Құдайға шүкір ,ол кісілердің ұлтшылдығы ешкімнен кем емес.

Мәселе — басқада. Оның себебін өзің де білесің. Кім шешетінін де, кімнің қолында екенін де білесің. Бірақ оған айтпайсың.

Жоғарыда пенсия тарататын , дәрі сататын қыздар айтқандай ренішіңді мұғалімге ғана айта аласың. Егер мемлекеттің тілге қатысты саясаты кәзіргідей болса, қарапайым мұғалім не істей алады?

Алдындағы оқушы да солай ойлайды.Олардың көбі басқа ұлттан болса. Барлық шаралары ресми тілде өтетін елде қазақ тілінің ролі әлгіндей болса ол бала несіне терлеп оқиды?

Сен алдымен үлкендерді қазақша сөйлет. Олар қазақша сөйлесе балалар өздері-ақ ынта қояды қазақ тіліне.

Кассадағы, аптекадағы қыздардың қалай ақталатынын есіңе сала кетейін. «Ата-апайлар , бұл пенсия мен бағаны біз қоймаймыз. Жоғарыға айтыңыздар. Біз тек таратып отырамыз» деп жылап алған қыздарды да көрдім.

Сондықтан мәселе көтерген екенсің, жоғарыдан баста. Ата заңның жетінші бабындағы екінші тармаққа назар аудар. Өзгерт.

Тілдің жағдайы сонда да өзгермесе, екі-үш жылдан кейін мұғалімдерді сотқа бере берсең болады.Сол кезде мен сені қолдаймын.

Оған шейінгі сөздерің стакандағы дауылға ұқсайды.

Сұлтан СҮЛЕЕВ, белсенді ұстаз.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін.