Назарбаев ескерткішінің тұғыры қаланың көркін бұзыпты

0
70

Талдықорған қаласының әкімдігі Нұрсұлтан Назарбаев ескерткішінің тұғырын алып тастау себебін түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Желіде тұңғыш президент ескерткіші тұғырының жоғалуына қатысты ақпарат қызу талқылға түскен. Барлық демонтаж жұмысы түнде жүргізіліп, қала тұрғындары бұл процесті байқамай қалған.

Талдықорған қаласының әкімдігі тұғырды не себепті алып тастағанын түсіндірді.

«Ескерткіштің төменгі бөлігінің қалдықтары қала орталығының сәулеттік келбетін бұзуына байланысты тұғыр бөлшектелді. Қазір аталған жерде ешқандай мәдени нысанды қалпына келтіру немесе салу жоспарда жоқ», – деп хабарлады

Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Әбібеков.
Еске салайық, Тұңғыш президент ескерткіші Қаңтар оқиғасы кезінде бұзылған еді. Кейін қала әкімдігі ескерткіштің қалпына келтірілмейтінін хабарлаған.

Фото ашық дереккөзден алынды.