«Негізі мен ауырып өліп қалуым керек еді» дейді Дина Төлепберген
«Мамский әңгіме» YouTube арнасында белгілі журналист Дина Төлепберген «Астарлы ақиқаттан» не себепті кеткенін, отбасылық жағдайы мен алдағы жоспары туралы айтып берді деп хабарлайды Democrat.kz ақпараттық порталы.
«Астарлы ақиқаттағы» атқарған шаруаларымен қатар журналист жеке өмірі туралы да көптеген дүниелерді бүкпесіз айтты. Бәрінен де жұртты қызықтырған «Астарлы ақиқаттан» неге кеттің?» деген сауалға Дина Төлепберген үлкен ұлының денсаулығына байланысты кеткенін мәлімдеді.
Ұлым ауырғанда, дәрігерлерден бөлек, психосоматиканы да қарастырдым. Сонда түсінгенім, «Астарлы ақиақатта» жүріп, күн сайын келетін жүздеген қоңырау мен күн сайын бетпе-бет келетін түрлі ауыр тағдырлар маған жеңіл тимеді. Жанымды ауыртқан сондай қиын мәселе, ауыр тағдырларға қайтсем көмек беремін деген ішкі жан күйзелісіммен кешке үйге келіп, алдымнан шыққан екі баламды құшақтай аламын.
Баланы құшақтағанда білесіз, жаның жай тауып, жеңілдеп қаласың. Бәлкім, солай етіп, менің ішкі ауыртпашылығым балама берілді ме деп ойлаймын дейді журналист. «Біреудің мәселесі болса да, саған хабарласқан соң, ойланасың. Мен де ойланам. Қалай көмектесем, не істесем болады деп ойланамын. Қазір ойлаймын, «Дина, сен бар ойыңды жұмысқа арнайсың.
Қоғамның, жұрттың мәселесін уайымдап, ойлап, күйзелдің. Соның бар ауыртпашылығын балаң көтерді» деймін өзіме. Негізінде мен ауырып, онкология болып, өліп қалуым керек еді. Бірақ мені құтқарған менің балам. мен өзім осындай пайым жасап отырмын»,- деді журналист Дина Төлепберген.
Фото ашық дереккөзден алынды.