«Никаб — Тауратта жезөкшенің киімі деп жазылған»
Уағызшылар таусылмайды, өйткені, медресселер мыңдаған имамдарды дайындап — қоғамға шығарып жатыр.
Жә, бұл діннің ықпалы күннен күнге артады деген сөз емес.
Білесіңдер, осыдан 20 жыл бұрын дін ықпалы қандай қарқынды еді?
10 жыл бұрын ше?
Уот, дінге сенетіндерден сенбейтіндер көбейді.
Бұл интернеттегі ақпарат қолжетімдігі арқасы: осыны қорытып — талдау мүмкіндігі артқаны!
«Аллаһтан түсті» делінген кітаптар деңгейін— логикасы бар адам еңсерді, тіпті басып озды деуге болады.
2000 жылы туған балалардан бергі поколенияның 80% ы дінге сенбейді.
Никаб тарихы..
Еврейлердің басты кітәбі Торада, Иеуданың екі ұлы тірісінде тұрмысқа шығып— тұқым тарата алмаған Тамарға (Яковтың немересі Шэмнің қызы) енді Иеуда үшінші ұлы Шел ді «әлі кішкентай» деген желеумен үйлендіргісі келмейді.
Иеуданың жесір келіні саналатын және үшінші ұлы Шел ге үйленуі тиіс «қыз» —келіні ретінде Тамар «қалайда бала табу үшін» тұмшаланған киім (никаб) киіп—Иуданың жолын— жол бойында күтіп отырады.
Жол жиегінде отырған жабық киінген (никаб) Тамарды Иеуда проститутка (блудница) екен деп, онымен жыныстық қатынасқа түседі де.
Осы секс үшін Иеуда кешірек бір лақ (мәһр) әкеліп беруге уәде етеді.
«Лақты әкеліп бергенше—залог тастап кет» деген тұмшаланған әйел сөзін жерге тастамай Иеуда қолындағы сиқырлы таяғын, мөрін, белдігін кепілдікке тастап кетеді.
Аз уақыттан соң Иеуда досы лақты алып келсе—оранған әйел орнында жоқ болады.
Содан, үш ай уақыт өткенде Иеудаға «келінің екіқабат» деген хабар келеді.
Иеуда келіні Тамарды жезөкшелігі үшін өртеп жіберуді бұйырған.
Өртемек болып келгендерге Тамар «баламның әкесі—мына заттарды тастап кеткен адам..» деп Иеудаға посох, мөр, белдікті беріп жібереді.
Жол бойында тұмшаланған әйелдің өз келіні екенін білген Иеуда Тамарды «ұрпақсыз өтпейін» деген шешімі үшін кешіріп, амалсыз үйленген.
Тамар—еврейлердің аналары болып саналады.
«Махаббат құдайы құрметіне жылына бір рет тоғайға барып—қалаған адамы мен жыныстық қатысқа түсу үшін әйелдер ниқаб киіп баратын болған» деген де дерек бар.
Ататүрік бір кезде «хиджапты жүргіш әйелдер-ғана кисін, қалған әйелдердің киім киуде еркі өзінде» деген сөзін, осындай фактілерге сүйене айтса керек.
Ағайын, діндер тарихын оқыңыздар!
«Сіздер дін мен айналыспасаңыздар, дін сіздермен айналысыды»—біліңіздер!
Қазақта «көргенімді айтайын ба, естігенімді айтайын ба» дегенге «естігенің жалған болар, көргеніңді айт» деген аталы сөз бар.
Хадис атаулы—жалған екені дәлелі: Мұһамед расул өз заманында өз сөздерін жазып қалдыруға, аяттарды тәфсірлеуге тыйым салған.
Демек, аяттар негізінде құрылған шариғат заңын ел басқару ісінде тиімді ету үшін —әр замандағы басшылар «ойшылдар» көмегімен оны хадистер арқылы бұрмалаған.
Мұһамед айтқан деп біздің заманымызға «150» адам аузымен жеткізілген хадистердің ақиқат екеніне—әр адамда күмән болу керек.
Зайырлы қоғам қауіпсіздігі үшін никаб кигізуге болмайды.
«Менің құдайымның барына сенбейтіндер—өлсін» деп, етегі астына бомба жасырып—жаруы мүмкін фанаттардың барын естеріңнен шығармаңдар!
Сосын, көшедегі камералар адамның бет —жүзін көріп—анықтауға бағытталған!
Бұл біздің, балаларымыз қауіпсіздігі үшін қажет!
Иә, шорты мен топик киуге мен де қарсымын.
Қазақта әдепті киімнің неше түрі болған.
Соларды брендке айналдырып— трендке шығару керек, болды.
Оқыңдар, сауатты болыңдар!
Төртуыл ШОҚАН, қоғам белсендісі.
Facebook жазбасы.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.