Ниқабтағы қыз таксистерге үндеу жолдады

0
587

ТикТок әлеуметтік желісінде бүкіл таксистерге  ниқабтағы қыз үндеуін жазбаша жолдады деп жазады Democrat.kz.

Әлеуметтік желіде Аиша Осконкулова деген атпен тіркелген қыз өзінің үндеуін орыс тілінде жазбаша жолдады.

Бұған дейін көлігіне отырған бір таксистің мазасын алғанын, керексіз сұрақтар қойғанын жазбаша жеткізген тақуа қыз өзі сияқты қыздарға таксист жігіттер көп тиісетінін, қырындайтынын айтып өтіпті.

“Құрметті таксистер! Көліктеріңізге отырғанымызда, бізбен сөйлеспеңіздерші. Жеке өмірімізге қатысты сұрақтар қойып, нашид әуенін қосып мазамызды алудың қажеті жоқ. Сіздердің бұл әрекеттеріңіз игі ниеттен болуы мүмкін, алайда біз мұндайдан қорқамыз. Жұмысыңызды істеп, бізді сұраған жерімізге дейін жеткізіп салыңыз, болды. Артық әңгіменің керегі жоқ”, – деген жазбаша үндеу жолдаған Аишаны қолдап он мыңдаған оқырманы жүрекше басыпты.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.