Оқушы қыздармен құшақтасып суретке түскен еркектің қылығы ақтауға келе ме?
Соңғы күндері инстаграм жақ шулап жатыр. Тіпті танымал Роза коучтың өзі бұл оқиғаны өз бақылауында ұстап отыр дейді.
Не болды десеңіздер, блогер Құлпынай Калменова деген келіншек бірер күн бұрын күйеуінің 10-11 жастағы екі кішкентай қызға ғашықтық хаттар жазып, көңіл жарастырып жүргенін айтқан еді.
Құлпынай күйеуі Қолғанат Жұмабаев барбершопта балалардың соның ішінде қыздардың шаш алатынын, жуырда телефонынан кішкентай екі қызбен түнгі уақытта хат алмасып, сезімін білдіргенін айтып, дабыл қақты.
Бұны көрген оқырмандары күйеуінің тағы бір ісін әшкереледі. Анономимді автор блогердің күйеуінен көрген харассментті айтып, бұл істі соңына дейін жеткізуін сұрап отыр.
Сол сияқты блогерге жазылған хаттарда Қолғанат Жұмабаев қырындап жүр деген екі кішкентай қыздардың құрбылары да бар.
Блогер Құлпынай Калменова үндеу жасаған күні үйіне полиция қызметкерлерімен бірге күйеуі Қолғанат Жұмабаевтың анасы келіп, қорқытып кеткен екен.
Қолғанат Жұмабаев 10-11 жастағы екі қызға «Ғашық болып қалдым ғой» деп жазып, олардың аттарын «Айшам», «Тырысқағым» деп сақтап қойыпты. Ол аз десеңіз, телефонында қыздармен құшақтасып, шашын иіскеп түскен фотолары да толып жүр екен.
Қолғанат Жұмабаев та блогер. Өз парақшасында 10-11 жастағы қыздармен түскен фотоларын норма деп қабылдап, ақталып отырған көрінеді. Оның айтуынша, ол қыздарға ағасы ретінде ғана қарайды.
Ал ең сорақысы, қыздардың ата-анасы да бұл оқиғаны қалыпты жағдай деп қабылдап, ешқандай астар көріп отырған жоқ екен. Шешелер қыздарының жүріс-тұрысына ие болмаса, жеткен күніміз осы екен.
Бұл істі ІІМ өз назарына алып, потенциалды педофилге қатысты тиісті шаралар қабылдануы керек деп ойлаймын.
Сондай-ақ, бұндай оқиғалардың алдын-алу үшін мектептерде тәрбие сағаттары мен тақырыптық шаралар ұйымдастырылуы керек. Балаларымыздың қауіпсіздігі ең басты қағидат екенін ұмытпауымыз керек.
Оңғар ҚАБДЕН, журналист.
Facebook жазбасы.
Фото көрнекілік үшін.