Оқушылар информатикада порно сайттарға кірген

0
261

Жетісу облысында прокуратураның араласуынан кейін балаларды қорғау мақсатында тыйым салынған сайттар бұғатталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Көксу ауданындағы 7 мектепте 4 мың оқушы информатика кабинетіндегі тыйым салынған сайттарға, соның ішінде «Игра Сатаны» діни ресурсын және мазмұны ересектерге арналған сайттарға кірген.

«Прокурорлық қадағалау актісімен бұл сайттар бұғатталған. 7 мұғалім жол берілген бұзушылықтары үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Прокуратура ата-аналарды балалардың виртуалды белсенділігін үнемі қадағалап отыруға және олардың мінез-құлқындағы өзгерістерге назар аударуға шақырады», — делінген хабарламада.

Фото көрнекілік үшін.