Олжас Бектенов: Мұнай-газ саласындағы жергілікті қамту үлесін арттыру жұмыстары жалғасатын болады

0
153

Олжас Бектенов мұнай-газ саласындағы жергілікті қамту үлесін арттыру жұмыстары жалғасатын болады деп мәлімдеді  деп хабарлайды Democrat.kz. порталы Ukımet.kz-ке сілтеме жасап. 

Үкімет басшысы Олжас Бектенов Үкімет отырысы барысында отандық тауар өндірушілерді қолдауға бағытталған заңнамалық өзгерістерге назар аударды.

Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізу кезіндегі талаптарды қатаңдататын заңнамалық нормалар қабылданды. Сатып алу саласын бақылауды одан әрі күшейтуді көздейтін түзетулер Мәжіліске енгізілді. Мәселен, әрбір жер қойнауын пайдаланушы отандық тауарларды сатып алуға басымдық беретін Елішілік құндылықты дамыту бағдарламасын қабылдауға міндетті болады.

«Ірі мұнай-газ жобаларындағы негізгі жер қойнауын пайдаланушылар қазірдің өзінде отандық тауар өндірушілермен жалпы құны $240 млн-ды құрайтын келісімшарттарға қол қойды. Бұл жұмысты жалғастыратын боламыз», — деді Олжас Бектенов.