Олжас Бектенов цифрландыру арқылы қысқарту жұмыстарын жүргізуді айтты

0
67

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында цифрландыру арқылы қысқарту жұмыстарын жүргізу керек екенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Отырыста әділет министрі Ерлан Сәрсембаев саладағы цифрландыру жайлы баяндама жасады.

Бектенов министр атаған тәсілдерді қолдайтынын айтты.

«Сіз атап өткен жаңа тәсілдерді толық қолдаймын. Цифрландыру арқылы артық шығындарды, артық құрылымдарды, артық адамдарды қысқару керек. Нәтижесінде жалпы мемлекеттік аппараттың тиімділігі артады. Бұл барлық мемлекеттік органға тиесілі», — деді премьер-министр.