Олжас Бектеновті оңдырмай алдаған кім?
Ақтөбелік шенеуніктер Олжас Бектеновті де Ойыл ауданының халқын да алдап соғыпты. Бүгін премьер-министр Ақтөбе облысына барған.
Үкімет басшысы тасқыннан зардап шеккен ауылдарды аралап, салынып жатқан үйлердің құрылысын тексеріпті.
Алайда Бектеновтың жолын тосқан Берсиев тұрғындары “біз алдандық” деп бұлқан-талқан болып жатыр. Өйткені бес айдан бері палаткада жатқан халық, бар базынасын үкімет басшысына жеткізбек болған. Бірақ бармақ шайнап қалды.
Өйткені аудан әкімі Асқар Қазыбаев, орынбасары Саян Сүлейменов сияқты сөзінде тұрмайтын басшылар премьер-министрмен кездесу мектепте болады деп бәрін сол жерге жинапты.
Тіпті Ойыл ауданының бүкіл полициясын алдырып, сыртымыздан күзеттіріп қойды дейді тұрғындар. Тырп ете алмаған жұрт с…дігі сарғайғанша Үкімет басшысын күткен. Бірақ аудан, облыс басшылары бізді алдап мектепке қамап қойып, Олжас Бектеновке ауыл іргесінде салынып жатқан бес үйдің құрылысын көрсетіп, кері қайтарды дейді. Бір сөзбен айтқанда Бектеновті “бәрі тамаша” деп шығарып салған.
Құлақтарына лапша ілінген халық ашулы. Өйткені тасқында үйлерінің 80-90 пайызы қирап қалған ауылда құрылыс тым сылбыр жүріп жатыр дейді. Кейбір үйлердің әлі іргетасы да құйылмаған. Әзірге тек 5-6 баспана ғана дайын екен. Оның өзін премьер келеді деп жанталасып, жасап қойған көрінеді.
Президент күзге дейін баспаналардың құрылысын толық аяқтауды тапсырған. Алайда Ақтөбелік шенеуніктер “шырылдауық шегіртке” сияқты жаздың қалай біткенін білмей қалып жүрмесін.
Askhat Shakharov Ойылдың халқы ойбайлап Олжас Бектеновты таппай қалғанын білесіз бе? Тұрғындарды неге мектепке қамап қойдыңыздар?
ҚР Премьер-Министрі бұл жағдайдан хабардар ма?
Диас НҰРАҚЫН, журналист.
Facebook жазбасы.
Фото автордың парақшасынан алынды.