«Өмірімнің мәнін жоғалтып алдым» дейді Құралай Нұрқаділова

0
868

Өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында саясаткер Заманбек Нұрқаділовтің қызы қазіргі жағдайы туралы айтып берді деп жазады Democrat.kz.

«Анам өмірден өткелі, соңғы айларда өмірімнің мәнін жоғалтып алғандаймын. Бұған дейін бала-шағам, бауырларым, анам жанымда болып, бәрі басқаша еді.

Қазір әкем мен шешем тұрған тарихи ескі үйдемін. Осы жерде талай кісілердің тағдыры ата-анамның арқасында шешіліп еді.

Әкем басқа әйелге кеткен соң, анама оңай болмады. Сонау 1990 жылдан бастап жасаған барлық жұмыстарым анам үшін жасалған екен.

Шешем — әрі сұлу, әрі ақылды, адал серік, ақылшы, қолдаушы болды. Содан болса керек, анам өмірден өткеннен кейін оның орны ойсырап қалғанын түсіндім.

Әйтсе де, айналамдағы тілеулес, жақсы адамдардың арқасында есімді жиып, еңсемді көтердім», — деген Құралай Нұрқаділова жақындарына алғысын білдірді.

Фото интернеттен.

https://www.instagram.com/reel/DFnb2WeN3P6/?igsh=Z2xzNzMwc2Rxb3Bu