Өзбекстанның бұл әрекетін қалай түсінбек керек?
Өзбекстанның кеден қызметкерлері су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтар үшін Қарақалпақстан тұрғындары жинаған гуманитарлық жүк тиелген фургондарды Қазақстан Республикасының аумағына өткізбей қойды деп хабарлайды Democrat.kz ақпараттық порталы Stan.kz -ке сілтеме жасап.
Қарақалпақстандық құқық қорғаушы Ақылбек Мұратовтың Twitter-де жариялаған ақпаратына қарағанда, су тасқынының алғашқы күндерінде Қарақалпақстан тұрғындарының бастамашыл тобы Батыс Қазақстан облысындағы зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жөнелту үшін 3 фургонды жинаған.
«Бірақ жүкті Өзбекстан кеден қызметінің қызметкерлері Қазақстанға Қарақалпақстан Республикасының тұрғындарынан көмек жіберу мүмкін емес деген түсініктемемен шекарадан өткізбей қойған.
Ал тіпті ресми Ташкенттің өзі де (ол кездегі) көрші елдегі су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жібермегендіктен Өзбекстан тарапынан да осындай әрекетті күту керек, содан кейін ғана Қарақалпақстан басшылығы рұқсат берсе, мүмкін Қарақалпақтар қазақтарға қолдау көрсетуді мақұлдайтын болады», – делінген басылымда.
20 сәуірде Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Қазақстан Республикасына гуманитарлық көмек жөнелту туралы бұйрық бергені белгілі болды.
Алайда Мұратовтың әлеуметтік желілерінде айтылған мәлімдемесінде қарақалпақстандықтарға қазақ еліне гуманитарлық көмек жіберуге ешқашан рұқсат етілмегені туралы айтылды.
«Ақпаратты бірнеше сенімді көздер тексеріп, растады», – делінген хабарламада.
Еске салайық, сәуір айының басында толассыз жауған жаңбыр мен көктемгі қар ерігеннен кейін Қазақстанның бірнеше өңірінде су тасқыны болды.
Тоқаев оларды ауқымы мен салдары бойынша соңғы 80 жылдағы ең ірі табиғи апат деп атады. Бүгінде сегіз облыста жергілікті төтенше жағдай режимі жұмыс істеп жатыр.
Фото ашық дереккөзден алынды.