«Пайғамбар Айшаны 9 жасында әйел етпеген» дейді ғалым

0
412

Тәңіршілдерден бірі “пайғамбар Хз. Мұхаммед сас. Айшаның 9 жасында үйленгенін естіп, исламнан шықтым депті…

Себебі ондай балиғатқа жетпеген қызды төсегіне алған, жар қылған адамды пайғамбар деп қабылдай алмадым.. “.

Жарайды. Бірақ ол “ Тәңіршінің” осы мағлұматты тексеруге білімі жетпеген. 9 жас деген ақпар Бухаридің “ Сахих” хадистер жинағында бар. Хадистер жинағы әрине мәтін.

Ол мәтінде Сүйікті пайғамбарымыздың сөзі, әрекеті, ой тұжырымдары, көзқарастары қамтылған. Сөзді ұзатпай, қысқа әрі нұсқа тұжырымдау үшін бірден “9 жас” құбылысынан бастайын.

Бұл біздің бүгінгі тоғыздағы мектепке сөмкесін әрең көтеріп барып жүрген бүлдіршін емес. Ол үшін хадис мәтіні пайда болған кеңістікке оның дүниетанымы, әдет ғұрпы, салт санасына да ерекше мәтін яғни платформа ретінде қарауға тура келеді.

Сол кеңістік пен уақыт жоғарыдағы “ 9 жас” даудың себебін де түсіндіреді. Арабия түбегінде, жахилия дәуірінде арабтар отбасында қыз туылса, жалған намыстан жерге тірідей көмген. Себебі көп, өзінше салт санамен сол кездегі түсіндіріледі.

Тірі қалған, көмілмегендері де атсыз, реттік санмен аталған. Мысалы сания, рабиға сияқты(екінші, төртінші..т.с.с) сосын әйелдің орны тек бала туумен анықталғандықтан, қызға етеккірі келгеннен бастап жасын санау үрдіс болған.

Сол негізде хадистегі Айша анамыздың “9 жас” құбылысы бүгінгі 18-19 жасқа сай келеді. Бұған Айша анамыздың аузынан жазылып алынған хадистер, отбасындағы оқиғалар, әпкесінің, інісінің жастары және өзінің өлген жылдары қосымша дәлел бола алады. Хадис көп.

Ең маңызды бір оқиға, Құранның “Қиамет” сүресі түскен кезімде, мен кішкене қыз едім” дейді. Ал бұл сүре, ХЗ. Пайғамьарымыздың пайғамбарлығының екінші жылы Мекке қаласында түскен. Ол кезде пайғамбар 43 жаста болатын.

Айша анамыз да 8-9 жаста. Пайғамбарымыз 50 жасқа толғанда Хадиша анамыз қайтыс болады. Екі жылдан соң барып, Айша анамызға үйленеді. Демек ол кезде Айша анамыз 18 жаста болады. Жоғарыдағы хадистегі “ 9 жас” бұрынғы арабтардың салтындағы балиғат + 9 жас екендігі расталады.

Деректерде Айша анамыздың әпкесі Есма өзінен он жас үлкен болатын. Есма он бес жасында мұсылмандықты қабылдаған екен. Яғни пайғамбарлық келген тұста Айша анамыз 610 жылы 5-6 жасар сәби болатын.

Бұл да жоғарыдағы даулы “9 жас” құбылысының ескі араб санатында тұжырымдалғандығын көрсетеді. Ал енді Айша анамыздың әкесі Хз. Әбу Бәкір осы қызын Хз. Мұхаммет пайғамбарымызға дейін өзінің досының баласы Жубайрмен айттырып, құда болып қойған о бастан.

Кейіннен досы исламға дұшпан болғандықтан бұл құдалық бұзылған. Бұл оқиға да Айша анамыздың жасының бүгінгі есеппен 14-15 екенін көрсетеді. Деректерде осы кезде пайғамбарымызға айттырылады.

18 жасында пайғамбарымызбен некелесіп, тоғыз жыл, өмірінің соңына дейін қасында болады.. 632 жылы Хз. Пайғамбарымыз қайтыс болғанда Айша анамыз 27-28 жаста болатын.

74 жасында қайтыс болады. Қысқаша айтпағым, кез келген мәтінді, сол мәтінді тудырған кеңістік пен уақыттағы автордың ұстанымына назар аударып, себеп салдар байланысына ықпал ететін құндылықтарға кешенді талдау жасаған абзал..

Досай КЕНЖЕТАЙ, ғалым.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.