Пайғамбардың түрлі-түрлі табан іздері табылыпты
Әлеуметтік желіде тарап жатқан видеоға сенсек, пайғамбардың табан ізі, қызының көйлегі табылыпты деп жазады Democrat.kz.
Төмендегі видеоларды қарап көрсеңіз, қазақстандық діншілдерді таңдай қақтырған түрлі заттардың иесі пайғамбар мен оның қызы көрінеді.
Бір видеода пайғамбардың қызы киген көйлек деп тамсана баяндаған діншіл блогер қызымыз Гүлзат Ақүрпекова: «Мынау Фатима анамыздың хиджабы, жасыл түсті. Ал мынау пайғамбарымыздың қызының киімі. Кең киім киген екен. Ал мынау пайғамбарымыздың табанының ізі. Денем тітіркеніп кетті» дейді.
Ал келесі бір діни блогер Кәрім деген жігіт өз видеосында «пайғамбардың табан ізін» қастерлей ұстап, толқып: «Пайғамбарымыздың ізімен жүрейік» деді.
Екі видеоны салыстырып қарасаңыз, пайғамбардың табан іздерінің әртүрлі екенін, адамның табан ізіне ұқсамайтынын аңғару қиын емес.
Алайда сенгісі келген кісіге бәрібір екенін ескерсек, біздің діншілдер «пайғамбардыкі» деген кез келген дүниеге көзсіз сенетіні сөзсіз.
Енді пайғамбардың қандай заты біздің қауымды тамсандырып, қуантар екен?
Фото видеодан скринделді.