«Педагогтардың ішінде сауатсыздары мен алаяқтары аз емес» дейді белсенді ұстаз

Екі күннен бері мұғалімдеріміз режиссер Еркін Рақышевтің сөзіне реніш білдіріп, әлеуметтік желілерде пікірлерін жазуда. Ал белсенді ұстаз Өмір Шыныбекұлы «Мен Рақышевті қолдаймын!» деп жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.
Естеріңізге салып өтейік, режиссер Еркін Рақышев мектеп бітірген оқушылардың қазақ тілін толық меңгеріп шықпайтынын айтып, бұған мұғалімдерді кінәлаған еді. Тіпті, жыл соңында кей мұғалімдерді сотқа беретінін де мәлімдеген-ді.
Режиссердің осы сөздеріне қатысты белсенді ұстаз Өмір Шыныбекұлы:
«Еркін Рақышев деген азамат мұғалімдерді сотқа берем дегеніне біраз азамат шамданып қалыпты..
Мен Рақышевті қолдаймын!
- Мұғалімдерді кейбір ата-ана жұмыс орнында сабап кеткенін көріп жүрсіздер..
Бұл азамат ешкімді ұрып-соқпай мәселені заң аясында шешпек..
Құқықтық мемлекет құрамыз десек, қала берді мемлекет басшысы айтып жүрген «Заң мен тәртіп» орнасын десек, кез-келген жанжалдың заң аясында шешілуін қоғамның сауатты деген бөлігі педагогтар қолдауы тиіс..
- Мұғалімдердің арасында да сауатсыздары жетерлік (Диплом сатып алғандары бір төбе).
Өткен аптада өте қызық сот процесі өтті..
Бір облыстағы мұғалімдер жарна төлеп жүрген бір кәсіподақтың төрағасы педагог Гулманат Байзакова әріптесті сұрақ қойғаны үшін сотқа беріпті..
Түсініп тұрсыздар ма, мұғалімдер төлеген жарнаға бала-шағасын бағып жүрген бастық қисынсыз шағыммен мұғалімді сотқа берген..
Гүлманат парақшасында жариялаған тікелей эфирді дұрыс түсінсем, мұғалімнің бар жазығы — әлеуметтік желіде «Бұл азамат қай кәсіподақтың төрағасы?» — деп сұрақ қойғаны..
Абырой болғанда сот шағымданушының талабын қанағаттандырмапты…
Ал енді осындай азамат басқарған кәсіподаққа мүше болып, оған жарна төлеп жүргендер туралы не айтасыз?
Олар қалай бала оқытып, қандай тәрбие беріп жүр?
Сот Еркін Рақышевтың шағымын қабылдап, іс қозғаса бұл біздің сот тарихындағы прецедент, ерекше кейс болып, біраз проблеманың бетін ашқалы тұр..
Құқықтық мемлекет құрамыз десек бұл да қажет..
«Ойбай, басшыларым құқымды аяққа таптап жатыр. Көмектесіңізші» деп еңіреп келіп, артынан менің атымды жамылып, өз басшысын бопсалап сағатын көбейтіп алғандар мен анау жақтағы дөкей басшыларды бопсалап директор, меңгеруші боп кеткен «педагогтардың» аттарын атап бере аламын..
Педагогтың бәрі педагог емес екенін, арасында иісалмас сауатсыздары да, жылмақай алаяқтары да бар екеніне менің көзім баяғыда жеткен..
Ерекең сотқа берсе, біздің назарға ілікпеген тағы біраз нәрсе біліп қалармыз…» деп жазды.
Фото Өмір Шыныбекұлының
Facebook парақшасынан алынды.