Пітір-садақа ақшасы даулы пікірталасқа айналды

0
1115

ҚМБД-ның биылға пітір садақа ақшасы 655 теңге болып белгіленді деп мәлімдегені сол еді, әлеуметтік желі пікірталас алаңына айналды деп жазады Democrat.kz.

Журналист Оңғар Қабден өз парақшасында “Биыл пітір садақа 655 теңге болып белгіленді” жеп жазба жариялады.

Осы жазбаға байланысты жүздеген кісі пікір білдіріп, жазба жазуда. Төменді біразын назарларыңызға ұсынып отырмыз. Сіз қалай ойлайсыз, пітір садақаны мешітке берген дұрыс па?

“Пітір садақасы 2 кг бидаймен өлшенеді” деген қайда?
Бүгінгі күні, 3 класты сапалы бидайдың бағасы ,75 теңге.
Екі кг бидай 150 теңге.
Кейінгі жылдары пітір садақасы адам басына, 1$ көлемінде болушы еді.
Биыл “фунт стерлинг” пен теңесіпті.
Оңғардың жазбасында мешіт туралы сөз жоқ. Пітір садақаның құны ғана белгіленген. Бірақ елдер мешітке бермейміз деп жазыпты. Олар мешітке өмірбақи беріп көрмеген. Жалпы ешкім мешітке бермейді. Каспий шыққалы бәрі арнайы реквизиті шыққан мұқтаж жандарға береді. Онда неге мына тәңіршілдер мешіт туралы айтып жатыр?
Қаңтарда ту ұстаған азамат бар еді ғой , аты жөнін ұмытып қалдым, соған берейік, емделсін
14,5 млн х 655 = 9,5 млрд
Кім айтты сізге бәрі береді деп, біздің қоғамда 14 млн қазақтың көбісі атейст,тәңіршілер олар садақа бермейді олардың жұмысы садақа берген мұсылмандарды өсектейді.
Мешітке бір тиын да бермеу керек.
Моллалар бір байыйын деген екен 655 теңгеден жинап.Сонда бұны кімге апарып береді .Алла тағала бәрін жасағанда 655 теңгені жасай алмай қалған ба?
2020 жылы ковид кезінде, одан кейінде орын қайғылы оқиғалардың бәрінде имамдар халыққа жәрдем берді дегенді естімедім, содан бері имамдарға пітір садақа беруді тоқтаттым. Тек мұқтаж жандарға ғана беремін.
Қазіргі мешіттер қара ниетті имам-молдалардың бизнесі болып кеткен.
Сондықтан айналамдағы көзім көріп жүрген мұқтаж жандарға беремін. Мысалы екі немересін бағып отырған көрші әжеге беремін, ұлы мен келіні жол апатынан қайтыс болған еді.
Фото интернеттен.