Полицей өзін-өзі атып өлтірді

0
122

Қарағандыда бұрынғы полицей өз үйінің ауласында өзін атып тастады, — деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Не болды:

Қайғылы оқиға 10 маусымда болған. Алайда бұл туралы бүгін, 12 маусымда белгілі болды. Әлеуметтік желіде бұрынғы полиция қызметкерінің балаларды мектеп жанындағы лагерь мен балабақшаға апарып, үйіне қайтып келіп, өзін атып тастағаны туралы хабарлама пайда болды.

Қарағанды ​​облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпаратты растады.

Полиция не дейді:

«10 маусымда Қарағандыда өз үйінің ауласынан өз қаруынан оқ атқан 48 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Факті полицияда тіркелді. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды», — деп түсіндірді ведомстводан.

Фото интернеттен алынды.