Премьер — министр заңсыз импорттың жолын кесуді тапсырды

0
71

Премьер-Министр «көлеңкелі» импортты болдырмау үшін заңдағы олқылықтарды жоюды тапсырды деп хабарлайды Democrat.kz. порталы Ukımet.kz-ке сілтеме жасап.   

Үкімет басшысы Олжас Бектенов бейінді министрліктерге заңсыз импорттың жолын кесуді тапсырды.

Бүгінгі таңда Қазақстанда тауарлардың бірнеше каталогы бар, бұл өнімді бір каталог арқылы импорттауға және оны басқа каталогпен отандық өнім ретінде өткізуге мүмкіндік беріп отыр.  Бұл ретте Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін халықаралық стандарттарды ескере отырып, Тауарлардың электрондық каталогын жасады. Қаржы министрлігінің алдына Сауда министрлігімен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірге сараптап, тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің артық каталогтарын жою міндеті қойылды.

Сондай-ақ қазақстандық өнімдер бола тұра, импорттық тауарларды сатып алу тәжірибесі атап өтілді.

«Өнеркәсіп министрлігіне мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп, отандық шикізат пен материалдарды пайдалану бойынша ірі мердігер компаниялардың міндеттемелеріне мониторинг жүргізудің пәрменді тетігін әзірлеуді тапсырамын», — деп атап өтті Премьер-Министр.

Фото интернеттен алынды.