«Президент мырза, заңды жарыңыз жоқ болса, үйленіңіз» деген журналист Президентке үндеу жолдады

0
3054

Facebook парақшасында журналист Сәуле Әбілдаханқызы Мемлекет басшысына өз ұсынысын айтып, жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.

Өз жазбасында журналист өзге елдің президенттердің әртүрлі жағдайда жұбайымен жұптасып жүретінін сөз ете келіп, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа «жалғыз болса үйлену керегін» айтты.

«Көптен көкейде жүрген сөз еді… өзімді тоқтатып жүрген едім… бүгін айтуға тура кеп тұр… «айтпаса сөздің атасы өледі…»

Әдеттегідей, «Жұрттың Президенті» деп осы суреттерді немесе видеоларын бөлісе салуға да болар еді… олай жасағым келмеді… салмақты (серьезный дейміз бе) әңгіме айтқым кеп отыр… көптен айтқым кеп жүрген… Президентімізді құрметтегендіктен ішіме жұтып жүре берген едім…

Бүгін Әзербайжан Президенті Ильхам Алиев әйелі, бірінші вице-президент Мехрибан Алиева екеуі Гейдар Алиев әуежайында кешегі апатта опат болғандармен қоштасу рәсіміне қатысқанын көрдіңіздер. Әйелі екеуі қаралы халқымен құшақтасып көрісіп, көңіл айтты…

Мұндай қарапайым ғана адами қадамдарды қажет жағдайда Ердоған мен Әмина да, Шавкат пен Зироат та жасайтынын көріп қаламыз…

«Мықты еркектің артында мықты әйел тұрады» демей ме?!.

Әрбір мықты елдердің мықты президенттерінің жанында қол ұстасып, мызғымас тірегіндей болып жары, әр елдің «первая ледиі» жүреді…

Ал бізде ше?

Нәннің Сара апамызбен халық алдына шығатын кездері — сол алғашқы 90-шы жылдар ғана еді… 2000-ші жылдардан кейін нән атамыз отбасы үлгісін көрсету былай тұрсын, Сара апамызды ортадан аластап, тоқалдан тоқал қуып кетті. Жұрттың президенттері «первая ледилерін» қолтықтап траптан түсіп келе жатқанда, қол ұстасып ресми, бейресми жиындарда жүргенде, біздікі қашан қарасаң талтаңдап, соқа басы состиып жүрді… 20-25 жыл бойы!…

Қазіргі Президентіміздің, тіпті, жары кім екенін де, барын да, жоғын да білмейміз. «Орыспен ажырасқан» деген, «қазақ келіншегі бар» деген, «қазақ келіншегінен балалары бар» деген өсектерді естиміз. Алайда, Президентіміздің жанынан ол жеңгемізді көрмейміз…

Шынымды айтсам, осыған дейін «бір күні келіншегін халқына таныстырып, ел алдына алып шығып, мойындап, мойындатып, батасын алатын шығар… Он же Президент! Оған кім «қой!» дейді? Ешкім ештеңе айта алмайды, айтуға хақысы жоқ, ең бастысы, келіншегі бар екенін естіп, халық қолдар еді, біздің де «первая ледиіміз» («мамамыз», «ханымымыз», «королевамыз») бар деп қуанып, қол соғар едік…» деген аз-маз үміт болған… Күттім сол күнді… бірақ ол күннің келер түрі жоқ…

Ондаған кеңесшілері мен көмекшілері ештеңе айтпай ма сонда? «Первая ледисіз» Президенттің жалғыз жүргені болмайды, елге жарыңызды алып шығуыңыз керек» деп айтпай ма?..

Ендеше мен айтайын:

Қасым-Жомарт Тоқаев мырза! Жоғары Мәртебелі Президент мырза! Ардақты Қасым-Жомарт аға! Әйеліңіз бар болса, еліңізбен таныстырыңыз, халық алдына алып шығыңыз, біз қуанамыз. Біздің де Президентіміздің сүйікті жары бар, еліне үлгілі отбасы бар деп мақтанамыз. Бақыттарыңыз баянды болсын деп тілек арнаймыз…

Заңды жарыңыз жоқ болса, үйленіңіз. Үйленген келіншегіңіз болса, заңды некеге тұрыңыз. (Мүмкін заңды некеге тұрған да шығарсыздар… білмейміз ғой…) Мейлі, орыс болса да, екінші келіншегіңіз болса да — ОЛ сіздің ТАҒДЫРЫҢЫЗ. Сіз қазақ халқыңызға өз әйеліңізді көрсетіп, таныстырып, әр сапарыңызда қол ұстасып жаныңызға ертіп жүруге 1000% құқылысыз! «Үлгілі отбасы, толық отбасы, бақытты отбасы» үлгісін ең алдымен Президенттердің көрсетуінде үлкееееееен мән бар……

Сізге қарап әйелдерін сабайтын ездер сабасына түсетін болады, әйелінің қадірін білмейтін жігіттер үлгі алатын болады, әйелдерін құрметтейтін болады, отбасы құндылығын сезінетін болады… мемлекетімізде шатқаяқтап тұрған отбасылық институттың қайта түлеуіне даңғыл жол ашқан болар едіңіз…….. (нәннің кезінде неге біздің күйеулеріміз қыдырғыш, тоқалдан тоқал алғыш боп кетті дейсіз?………)

Президенттің жанында жарының бірге жүруі оның халықаралық имиджіне де, Қазақстанның халықаралық имиджіне де,  халықаралық істерге де оң әсері болатыны сөзсіз…..

(20-30 жыл бойы бірінші ледисіз ел болудың өзі ұят қой…… Қазақстанның маңдайына «әйелін сыйламайтын, әйелді керек етпейтін ел» деп мәңгілікке жазып қоймаған шығар..

жұрттың президенттері ылғи әйелдерімен жүргенде, біздікілер ылғи жалғыз жүргенде мен ұялып, намыстанып кетем, шынымды айтсам……)

Президенттің тылы да, қолдаушысы да, қорғаушысы да, сенері де, сүйенері де, желеп-жебеушісі де — әуелі АЛЛА, одан кейін — ӘЙЕЛІ!… Сіздің әйеліңіз жоқ дегенге сенбеймін….. Еңсеңізді тік ұстап, қысылмай, ортаға алып шығыңыз да, халқыңыздың батасын алыңыз… Біз тек қуанамыз… Халқыңыз қуанады…. Президенттеріміздің бәрінің маңдайына жесірлікті жазып қоймаған шығар…… Сіз — ел азаматтарымен елдік ірі істерді атқара бересіз, ал «Қазақтың бірінші ханымы» — Әйеліңіз — бізбен (әйелдермен) жұмыс жасап, халықтың жоқ-жітігін түгендеп, бір жағыңызға шығысып жүрер еді… Шетелге сапарыңызда қазақ әйелі қандай болатынын жат жұртқа көрсетер еді…. әрбір келелі мәселелерде елмен бірге болар еді…..

Қараңызшы, қандай жарасымды…. Мұндай үлгілер Еуропада тіпті көп….. (путлер сияқты болмаңыз…….)

Сіз де келіншегіңізбен кешегі апатта қаза тапқан қазақстандықтарды жерлеу рәсіміне қатысып, еліңізге көңіл айтып, құшақтап, жұбатып, Алиевтер сияқты ортасында жүрсеңіз, қандай керемет дем берген болар едіңіз………

Президентте жеке өмір деген болмайды…. Президенттің өмірі — халықтың өмірі…. Өміріңіз ашық болып, өзіңізді де, өміріңізді де халқыңызға арнасаңыз, халқыңыз әркез сізді қолдайды», — деп жазды журналист Сәуле Әбілдаханқызы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.