Ресейлік блогерлер енді Қырғыз еліне «ауыз салыпты»
Қырғыз президенті Садыр Жапаров орыс блогерінің сөзіне қатысты ресми жауап берді деп хабарлайды Democrat.kz. ақпараттық порталы.
Әлеуметтік желілерде Анастасия атты ресейлік блогер Анастасия Ахметова Қырғызстандағы уран игеру жұмыстарын Ротшильд әулеті қолға алмақшы, соның салдарынан Ыстыкөл жоғалып кетуі мүмкін деген ақпарат таратқан.
Осыған байланысты Қырғыз президенті “Ел ішінде жалған ақпарат таратып, қоғамды шулатқан ресейлік блогердің айтқандарының ешбірі шындыққа жанаспайды” деп мәлімдеме жасады. “Біздің Ыстықкөлге жаны күйгендей болып сөйлеген блогердің негізгі мақсаты ел ішіне іріткі салу екені сөзсіз” дейді Садыр Жапаров.
Осы мәлімдемеге орай қазақстандық әлеуметтік желі қолданушылар «еш мән бермеңдер, олардың әдеті сондай», «Қазақ-Қырғызды ешқандай жау алмайды» деген сыңайда қолдау пікірлерін жазуда.
Ресейлік блогерлер мен саясаткерлер Қазақстанға қатысты қисынға сыймайтын түрлі «ақпарат» таратуы бұл күнде таңсық жаңалық емес. «Қазақтың пәлен жері Ресейдікі», «Қазақ біздің арқамызда адам болды» деген сыңайдағы «сараптамаларға» құлақ үйренген. Көрші елдің блогерлері бізден түк шықпаған соң, енді Қырғыз еліне «ауыз салған» сыңайлы. Мұнысынан да түк шықпайтынын блогерсымақтар білсе екен.
Фото интернеттен алынды.