Романтик күйеубала қамауға алынды

0
145

Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың жиені Лаззат Нұрқожаеваның күйеу жігіті ұсталды. Ақпаратты мемлекет басшысының әкімшілігі растады деп жазады Democrat.kz. ақпараттық порталы Stan.kz ке сілтеме жасап

Садыр Жапаровтың баспасөз хатшысы Асқат Алагөзов Facebook желісіндегі парақшасында Қырғызстан президентінің жиенінің күйеу жігітін құқық қорғау органдары ұстағанын растады.

«Ләззат Нұрқожаеваның күйеу жігіті оған тікұшақпен тұрмысқа шығу туралы ұсыныс жасағаннан кейін танымал болды. Бұл жігіттің басты мақсаты оның заңсыз әрекеттерін қорғау үшін билік басынан жақын адамдарды табу («қорғау») деп айтуға толық негіз бар», – деп жазды Алагөзов.

Ол президент Садыр Жапаров кім болса да заңсыз әрекеттерді жасырмайтынын баса айтты. Айтуынша, экс-күйеу жігіт пен оның сыбайластарының заңсыз әрекеттерінің жай-жапсары тергеу барысында нақтыланады.

Қырғыз ақпарат құралдарының мәліметінше, Төтенше жағдайлар министрлігінен тікұшақ жалдап тұрмысқа шығуға ұсыныс жасаған ел президентінің жиені Лаззат Нұрқожоеваның күйеу жігіті Афтандил Сабырбеков.

Айта кетейік, бұған дейін Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың жиені Лаззат Нұрқожаеваға сүйіктісі 24 маусымда Оруу-Сай шатқалында ұсыныс жасаған еді. Бойжеткен ол жаққа ер адаммен бірге Қырғызстан төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшағымен барған.

Бұл оқиға тұрғындар арасында наразылық тудырып, әлеуметтік желі қолданушылары президенттің туыстарының әрекетін қатаң сынға алған.

Фото интернеттен алынды.