Саммитте қандай тамақтар берілді?
ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астана қаласына арнайы келген ұйымға мүше мемлекеттердің басшыларына ұсынылған түскі ас мәзірі жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ас мәзірінде: бал қыша тұздығы қосылған авокадо салаты, лайм сорбеті, карамельді грильяжбен ванильді суфле, сондай-ақ, қой етінен қуырдақ, сиыр етінен тұшпара сорпасы, бұзау етінен чебурек болды. Каспий бекіресі филесі, ауылдағыдай дайындалған картоппен сиыр етінен «брискет» те ұсынылды.
Айта кетейік, елордадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтті.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.