Саясаттанушының соңғы кезде «өзгере» бастауы ненің белгісі?

Орыстілді Досым Сәтпаев — еліміздегі танымал саясаттанушының бірі. Ойын аргументтеп, сараптап айтады, бұқпантайламайды, тіке әрі дәл жеткізеді.
Ол демократиялық батыс елдерінен бөлінетін грант алып жұмыс істейді деген сыбыс бар. Оны растайтын немесе терістейтін дәлел айтылған емес.
Сондықтан болса керек, тәуелсіз саясаттанушының санатындағы Досым Сәтпаев шетел медиасына жиі сұқбат береді, өзі де подкаст жүргізеді. Әрине, орыс тілінде.
Досым орыстілді саясаттанушы болған соң, өзін Ресейдің ішкі және сыртқы саясатының маманы етіп көрсетуге тырысады.
Досым Сәтпаев Украинаның және шетелге шығып кеткен Ресей саясаттанушылары мен журналистерінің хабарына жиі шығады.
Байқауымша – Досым Сәтпаев Қазақстан саясатындағы кейбір мәселені жетік түсінбейді. Онымен салыстырғанда одан сұхбат алушылар саясатқа жетік сияқты. Бұл ойымның дәлелін тағы бірде жазармын. Әзірге, Досымның Ресей саясатын қате түсінетінін айтайын.
Досым Сәтпаев жақында бір сұхбатында халықаралық құқық нормаларын, халықаралық келсімшарттарды аяқасты етіп Украинаға соғыс ашқан Ресейдің президенті Путинді «сүттен ақ, судан таза» қылып жіберді.
Оның ойынша, импершілдік проблемасы — Кремльдегі басшылардың басында емес, қарапайым орыс халықының санасында, Путин не істесе де, ол жұртынан қолдау табады, әлі де Путиннің рейтинг жоғары-мыс.
Саясаттанушы өз ойын дәйектеу үшін соңғы кезде Ресейде жүргізілген әлеуметтік сауалнамаға жүгінді. Мен таңғалдым: тоталитарлық жүйедегі социологияны қалайша объективті дейміз?!
«Кімнің тарысы піссе, соның тауығы» болатын жалдамалы әлеуметтанушылар Ресейді уысында ұстап отырған автократ басшының рейтингіне кез келген цифрды жазып бере салады ғой…
Содан «Досымның ойы неге өзгерді?» деген сұрақ мазалады. Бұрын ол Еуропаның шығысында геосаяси ахуалдың ушығып кетуін ылғи Ресей басшылығымен, Путинмен байланыстырушы еді ғой… Украина журналистеріне берген сұхбатында да осындай нарративтен танбайтын. Енді келіп неге құбыла қалды ол?
Бақсам, бақа екен демекші, АҚШ билігене келген Трамп әлемде демократия орнатуды көздейтін USAID секілді халықарлық қорларға бөлетін қаржыны доғарып жатыр.
Ақпаннан бастап Қазақстанда батыстан келетін қаржы көзі тиылыпты. Осындай жағдайда саясаттанушылар да саяси технологияның әдісін заман сұранысына ыңғайлап жатқан сияқты.
Мұны батыс елдерінен бөлініп келген гранттарды игерген қоғамдық ұйымдардың позициясын кілт өзгертуінен де көріп отырмыз.
Досым Сәтпаевтың бүткіл проблеманы Ресей халықының мойынына асып қойып, Путинді бәледен арашалап қалуы АҚШ-тың сыртқы саясатындағы өзгеріске орай жаңа демеуші іздеуімен байланысты сияқты.
Ораз ӘЛІМБЕКОВ, журналист.
Facebook жазбасы.
Фото көрнекілік үшін.