«Сенімді қызға ішкиім керек емес» деген блогер жауапқа тартылды

0
5267

Астанада сауда орталығының алдында іш киімін шешкен блогер жауапқа тартылғаны туралы мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Блогер қыз «Сенімді қыздарға іш киімнің қажеті жоқ» деген үндеумен «Хан шатыр» сауда орталығының алдында шешінген видеосын жариялаған болатын. Осы оқиғадан кейін желіде көрінбей кеткен қыз жақында әлеуметтік желідегі парақшасында жауапқа тартылғаны туралы айтты.

«Достар, бәріңе сәлем! Желіде ұзақ уақыт болмағаннан кейін байланысқа шығып отырмын. Бүкіл қазақстандық естіген шығар, көрген шығар. Барлық жерде «Астаналық қыз солай істеді» деп жазып жатыр. Тиісті органдар менімен байланысқа шықты, мен өз әрекетім үшін жауап бердім», — деді блогер қыз әлеуметтік желідегі парақшасында.

Блогер қыз тиісті органдар нақты қандай шара қолданғаны туралы нақты айтпады.

Фото дереккөзден алынды.