Сметов алтын медалі үшін қанша ақша алады?

0
1828

Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Париждегі Олимпиаданың алтын медалі үшін қомақты жүлдеге ие болады. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Sports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, елге Олимпиада ойындарының «алтынын» әкелген спортшы 250 000 доллар алады. Сондай-ақ, Олимпиада жүлдегерлері үшін мынандай жүлделер белгіленді: күміс медаль – 150 000 доллар, қола – 75 000 доллар.

Естеріңізге сала кетейік, Олимпиаданың бірінші күні 10 метрге пневматикалық мылтықтан ату бойынша аралас командалық жарыста өнер көрсеткен Ислам Сәтбаев пен Александра Ле қола жүлдеге қол жеткізді.

Ал дзюдодан Қазақстан командасының көшбасшысы Елдос Сметов Париждегі 2024 жылғы Олимпиадада алтын медаль жеңіп алды.